05 тамыз 2020 | 15:29

Нұр-Сұлтанда күзетшіге кезекпен тас лақтырып, қашып кеткен балалар ұсталды

© instagram: zhaloby_astana

Полиция күзетшіге тас атқан кәмелет жасқа толмаған балаларды анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция күзетшіге тас атқан кәмелет жасқа толмаған балаларды анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеосы zhaloby_astana парақшасында жарияланған. Кәмелетке толмаған бес бала кезекпен күзетшіге тас лақтырған. Ер адам қарсыласа бастаған кезде балалар қашып кеткен. 

Реклама
Реклама

"Балалардың не істеп жүргенін қараңыздар. Бір қарасаң кішкентай балалар, істеп жүргендері мынау. Ақ бас киімдегі бала ашулы. Қолына кірпіш ұстап алыпты", - дейді видео авторы.  

Видео жазбасында оқиға Нұр-Сұлтанда болғаны айтылады. 

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, 3 тамыз сағат 20:13-те 102 пультіне балалар құрылыс нысанының күзетшісіне тас лақтырып жатқаны туралы хабар түскен.  

"Кәмелетке толмағандар анықталып, ұсталды. Ата-аналарымен мұндай жағдайды болдырмау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұл дерек бойынша материал Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына және шаралар қабылдауына жіберіледі", - дейді ведомство өкілдері. 

23 жастағы балалардың үстінен оған айтарлықтай зақым келмегендіктен арыз беруден бас тартқан. Полиция ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram