20 желтоқсан 2020 12:02

Нұр-Сұлтанда Land Cruiser жүргізушісі қызды қағып өлтірді

Фото:instagram.com/za_rulem_astana

Нұр-Сұлтанда Land Cruiser жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Land Cruiser жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, қыз бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан.

Реклама
Реклама

"19 желтоқсанда сағат 17.58-де 53 жастағы жүргізуші Тoyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігімен келе жатып, Әуезов көшесімен Иманов көшесіне бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарынан 19 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Тексеру қорытындысы бойынша, жүргізуші мас болмаған, қазір ол қамауда", - деді полициядағылар.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram