05 сәуір 2022 09:14

Нұр-Сұлтанда лифт ішіне дәрет сындырған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры: instagram/zhaloby.astana

Нұр-Сұлтанда лифт ішінде дәрет сындырған ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Сол видео арқылы полицейлер ер адамды анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Бұл адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Соңғы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарады.

Реклама
Реклама

"Полиция өз қызметінде негізгі қағидаттарды - әділеттілік пен заңды бұзғандарға жазаның бұлтартпастығын басшылыққа алады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ортақ үй мүлкіне зиян келтіргені үшін кінәлі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады. Тәртіп сақшылары мұндай деректерге жедел түрде ден қойып, заңды процессуалдық шешімдер қабылдайды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram