29 шілде 2020 12:02

Нұр-Сұлтанда өрт шықты

Фото: © Tengrinews.kz

Елорданың оң жағалауында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданың оң жағалауында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілер 100 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгенін айтады.

Реклама
Реклама

Куәгерлер оқиғаның видеосын Tengrinews.kz редакциясының +7 777 001 44 99 WhatsApp нөміріне жіберді.

Өрттің шыққаны туралы хабар сағат 10.38-де түскен.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 миунтта барған. Өрт Жиенқұлова, 12/2 мекен-жайында орналасқан ғимараттан шыққан. Онда 100 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенген. Сондай-ақ, құрылыс материалдары сақталған 40 тонналық контейнерге зиян келген.

Өрт 11.01-де сөндірілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram