Нұр-Сұлтанда ойын алаңында жүрген баланың саусағы жұлынып кетті

Видеодан алынған

Нұр-Сұлтанда ойын алаңында сырғанап жүрген кішкентай баланың саусағы жұлынып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда ойын алаңында сырғанап жүрген кішкентай баланың саусағы жұлынып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 25 сәуірде кешке болған. 4 жастағы бала сырғанап жүргенде саусағы қысылып, жұлынып кеткен.

"Анасының айтуынша, бала жарақатты аулада алған. Сырғанап жүрген кезінде саусағы жұлынып кеткен. Баланың сол қолындағы екінші саусағы ампутациялады. Травматология пункті деңгейінде жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіліп, гипс салынған. Бала амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Басқарма өкілдері Байқоңыр ауданы әкімдігі баланың отбасына барлық қажетті медициналық және материалдық көмек көрсетілетінін айтты.

"Сырғанақ бұзылып, балалар ойнайтын ауладан әкетілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама