01 қыркүйек 2021 | 09:04

Нұр-Сұлтанда сауда орталығы жанып жатыр

Нұр-Сұлтанда "Тұлпар" сауда орталығынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, ғимаратта сауда бутиктері жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда "Тұлпар" сауда орталығынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, ғимаратта сауда бутиктері жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесі 24 "Тұлпар" сауда үйінде өрт болғаны туралы хабарлама түсті. 3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғарғы 4-қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінгені хабарланды. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы мен жеке құрамның 71 адамы жұмылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram