16 қаңтар 2021 | 14:31

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 16 қаңтар сағат 10.18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Реклама
Реклама

"Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалыссыз жатқан қызды көргені анықталды. Оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасай бастаған. Жедел медициналық жәрдем келген соң 21 жастағы қыздың қайтыс болғаны анықталды", - деді полицейлер.

Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы төрт адам болған. Қыздың бассейнге бірреттік абонентпен барғаны белгілі болды.

Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Жаңа министр ант қабылдады