Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі сырғанаққа шығуға тырысты

Видео кадры

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мұздан жасалған сырғанаққа шығуға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мұздан жасалған сырғанаққа шығуға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Триатлон-парктегі сырғанақтың үстінен біреу такси шақырған секілді". Әлеуметтік желілерде такси жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы мұз сырғанағына шығуға тырысып жатқан сәтінің видеосы тарады.

Видео Instagram желісіндегі astana_sergek парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің өкілдері оқиға 2021 жылы 25 қаңтарда болғанын айтты. Видео әлеуметтік желілерде 27 қаңтарда пайда болды, ал жүргізуші 28 қаңтарда ұсталған. Бұл 18 жастағы жігіт болып шықты.

"Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін және жол ережесін өрескел бұзғаны үшін 18 жастағы ер адам жауапқа тартылды, оған ҚР ӘҚБтК 612-бабы 2-бөлігі бойынша 20 АЕК және 596-баптың 1-бөлігі бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама