20 қыркүйек 2020 | 17:01

Нұр-Сұлтанда теплоходта кеш ұйымдастырғандар видеоға түсіп қалды

Полицейлер мен санитар дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзеніндегі теплоходта кеш ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер мен санитар дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзеніндегі теплоходта кеш ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойымен жүзіп келе жатқан теплоходтағы кешті видеоға түсірген.

Реклама
Реклама

Кадрларда жастардың билеп жатқанын көруге болады. Онда отыздан аса адам жүр. Демалушылар карантиндік шектеулерде көрсетілген маска режимі мен әлеуметтік қашықты елемейді.

"Аталған факті бойынша Нұр-сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті көліктегі полиция департаментінің Желілік басқармасымен бірлесіп, видеода көрсетілген адамдарды анықтау бойынша тексеруді бастады", - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол карантинді бұзған барлық жеке және заңды тұлғаы жауапқа тартылатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная