Нұр-Сұлтанда Toyota қағып кеткен 51 жастағы тұрғын қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © ️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласындағы Самал ықшамауданында 51 жастағы ер адам жолда қаза тапты. Ол тасжолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғанда, көлік астына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Самал ықшамауданында 51 жастағы ер адам жолда қаза тапты. Ол тасжолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғанда, көлік астына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жазатайым жағдай жаяу жүргіншілер өткелінен 150 метрдей жерде болғаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 16 тамызда сағат 22.21-де болған.

"Республика даңғылы бойымен келе жатқан Toyota Camry көлігіндегі 19 жастағы жүргізуші оң жақтан солға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деді департамент өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қала тұрғындарын жолда абай болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама