ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 ақпан 2022 09:56
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінің қаптауы өртенді
Нұр-Сұлтандағы "Жанұя" ТК 8-қабатынан 15-қабатқа дейінгі аумақта керамогранит астындағы қаптау жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Нұр-Сұлтандағы "Жанұя" ТК 8-қабатынан 15-қабатқа дейінгі аумақта керамогранит астындағы қаптау жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
ТЖД мәліметінше, өрт 6 ақпанда сағат 21.00-де болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы astana.times парақшасында жарияланды.
"Өрт сөндірушілер келген кезде 8-қабаттан 15-қабатқа дейін керамогранит астындағы қаптау жанғанын, сондай-ақ, 15-қабат балконында жалпы ауданы 23 шаршы метр құрылыс материалдары мен құрылыс қоқыстары жанып кеткені анықталды. Өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу