Нұр-Сұлтанда тұрғын үй паркингінде өрт болды

Фото: © Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жерасты тұрақта өрт шықты. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жерасты тұрақта өрт шықты. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда автокөлік жанып жатыр, одан шыққан түтін бір қабатты алып тұр. Видео авторы адамдарды көліктерін алып тастауын сұрап жатыр. 

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сағат 22.20-да Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Отбасы" ТК-де болғанын хабарлады.

"Отбасы" ТК паркингінде "Ларгус" маркалы автокөлік өртенді, сондай-ақ жақын маңда тұрған Toyota маркалы автомобильдің алдыңғы бампері ыстықтан зардап шекті. Өрт 22.36-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама