ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 13:09
Нұр-Сұлтанда үстіне конструкция құлаған әйел ауыр халде жатыр
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Нұр-Сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Нұр-Сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа қажетті медициналық көмек беріліп жатыр, мамандардың тұрақты бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
22 қазанда Сығанақ көшесіндегі сауда үйінің кіреберісінде әйелге металл конструкциясы құлаған.
Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
BI Group баспасөз қызметі бизнес-орталықтың шатырын жалға алатын компанияның құрылыс холдингіне қатысы жоқ деп мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также