09 шілде 2019 20:31

Нұр-Сұлтанда зәулім тұрғын үй кешені өртеніп жатыр

© Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген фото мен видеолар редакцияның WhatsApp-нөміріне (+7 777 001 44 99) жолданды. 

Реклама
Реклама

ІІМ ТЖК мәліметінше, 9 шілдеде 19:39-да Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД "101" кезекші пультіне Алматы ауданындағы Сарқырама көшесінің қиылысында орналасқан "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешенінің алтықабат үйлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

 
Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен


Куәгерлер жолдаған видео

19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған. 

Тұрғындар эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 


Куәгерлер жолдаған суреті

Өрт сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 51 маманы мен 11 арнайы техникасы жұмылдырылған. 

Түтін алыстан көрінеді. 


© Tengrinews.kz


Куәгерлер жолдаған видео

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram