15 ақпан 2022 09:29

Нұр-Сұлтанда іздеу жарияланған 13 жастағы қыз түнгі клубта болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны "102" арнасына 13 жастағы қызы жоғалып кеткенін хабарлады. Елордалық полицияның жеке құрамы қызды іздеуге жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі күні таңертең қыз әжесінің үйіне барған. Полицейлер мәліметінше, жасөспірім сағат 22:00-ден сағат 2:00-ге дейін достарымен бірге Бөгенбай батыр даңғылындағы түнгі клубтардың бірінде болған.

Бақылаудың жоқтығына және кәмелетке толмаған баланың түнде ересек адамсыз ойын-сауық мекемесінде жүруіне байланысты қыздың ата-анасы жауапқа тартылып, айыппұл салынған. Осындай деректердің алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме де жүргізілген.

Реклама
Реклама

Клуб иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастыратын әкімшілік іс қозғалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram