Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып кетті

Фото ©Турар Казангапов

Нұр-Сұлтанда 73 жастағы әйелді автобус қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 73 жастағы әйелді автобус қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Нұр-Сұлтан қаласында 7 маусымда сағат 11.25-те болған.

"Автобустың 32 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесінен Сейфуллин көшесіне қарай бара жатып жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарынан 73 жастағы әйел оқиға орнында қаза болды. Осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшылары тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға, жолды тек белгіленген жерлерде кесіп өтуге, ал жүргізушілерді барынша мұқият болуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама