26 наурыз 2019 | 12:21

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандар жайлы ақпарат шықты

© Тengrinews.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері үш автобустың соқтығысу салдарынан қаза тапқандар туралы жаңартылған мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері үш автобустың соқтығысу салдарынан қаза тапқандар туралы жаңартылған мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі уақытта 27 адам зардап шекті, екі адам қаза тапты. Бұл ер адам - 66 жастағы автобус жүргізушісі және 26 жастағы қыз - автобус жолаушысы", - деді елордалық әкімдік өкілдері. 

Реклама
Реклама

"Астана LRT" өкілдері қайтыс болған жүргізуші туралы айтып берді. 

"Жалпы еңбек өтілі - 8 жыл, 8 ай. Біздің автопаркте ол 2017 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп келді. Осы уақытқа дейін оның мінездемесі жақсы болды, сабырлы, жол-көлік оқиғаларына ұшырамаған, жолаушылар тарапынан оның жұмысына сын айтылмаған. Бұл № 303 бағытта жүретін автобустың жүргізушісі", - деді  "Астана LRT" компаниясы баспасөз қызметінің өкілі Науат Азанбаева. 

Қала әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккен 25 адам №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, оның төртеуі ауыр халде. Үш науқасқа ота жасалып жатыр, тағы үшеуі интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Сонымен қатар, №1 қалалық ауруханаға бір зардап шеккен адам (ЖМК фельдшері) жеткізілді, ол нейрохирургия бөлімшесіне (ЖМКК) жатқызылды. Орталық жол ауруханасына бір адам (ЖМК фельдшері) тізе жарақатымен ауруханаға жеткізілді, жағдайы қанағаттанарлық. Амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, осы оқиғаға 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен Апаттар медицина орталығының 1 бригадасы жұмылдырылған. Бригада жұмысын жалғастырып жатыр. 

Осыған дейін екі адам қаза тауып, 25 адам зардап шеккені туралы айтылды. 26 наурызда Ұлы Дала көшесімен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысты. Қала маңындағы № 303 маршрут автобусы № 12 маршрут автобусымен соқтығысқан. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная