ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2021 | 10:34
Нұр-Сұлтандағы жол апатынан аман қалған 18 жастағы қыз ауыр жағдайда жатыр
Нұр-Сұлтан көпіріндегі көлік апатынан жараланған 18 жастағы қыз ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығына сілтеме жасап.

Батпенов атындағы орталық мәліметінше, науқастың омыртқасы сынған және травматикалық шок алған. Оған шұғыл ота жасалған. Сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, зардап шегуші ауыр күйде.
Айта кетейік, 30 қыркүйекте сағат 00.34-те Toyota Camry жүргізушісі Есіл өзені арқылы Сарайшық көшесіне қарай өтетін көпірде рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Ravon Nexıa автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Кейін жол апатынан аман қалған жалғыз адамның жағдайы ауыр екені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также