Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл қонды

SCAT әуекомпаниясының ұшағы "Нұрсұлтан-Алматы" рейсін орындау кезінде құспен соғысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

SCAT әуекомпаниясының ұшағы "Нұрсұлтан-Алматы" рейсін орындау кезінде құспен соғысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі DV 734 "Нұрсұлтан-Алматы" рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.

"Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті", - деді компаниядағылар.

Реклама
Реклама

Ұшақты тексерген соң онда құстың іздері анықталды.

"Ұшақ бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр", - деді SCAT өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама