Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды

Дина Шарипханова Корреспондент
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды © elements.envato.com

Boeing 767 жолаушылар ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонды. Оқиға 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 21:35-те болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Boeing 767 жолаушылар ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонды. Оқиға 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 21:35-те болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуекомпания Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл халықаралық рейсін орындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанармай жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты апатты жағдайда қонуға тура келген.

Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы болған, оның ішінде бес бала және экипаждың бес мүшесі. Зардап шеккендер жоқ.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама