"Нұрлы Таудағы" ТЖ: Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын айтты

Куәгерлер суреті

Алматыдағы "Нұрлы Тау" бизнес-орталығындағы төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Алматыдағы "Нұрлы Тау" бизнес-орталығындағы төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында Бостандық аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

"Қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды. Ол 1971 жылғы. Болжаммен, ол бизнес-орталықтың 12-қабатындағы кіреберістің терезесінен секіріп кеткен", - делінген ПД хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Тергеу барысында оның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны анықталады. 

Осыған дейін Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығының шатырынан құлап кеткені хабарланған. Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері ер адамның жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтқан еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама