"Нұрлы таудағы" өрт: Алматыда өртсөндірушілер жиналған видео тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/ztb_qaz

Алматыдағы "Нұрлы Тау" бизнес орталығында өрт шыққаны туралы жоғары дәрежедегі қоңырауға көптеген өртсөндірушілер барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы "Нұрлы Тау" бизнес орталығында өрт шыққаны туралы жоғары дәрежедегі қоңырауға көптеген өртсөндірушілер барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Нұрлы тау" бизнес орталығының көпқабатты ғимараттары маңында өрт сөндіру көліктерінің жиналғаны туралы видео пайда болды. Кешенге тәртіп сақшылары да барған.

Алматы ТЖД мәліметінше, 1Б және 2Б блоктары арасындағы техникалық аралықта қоқыстар өртенген. Төтенше жағдайды жою күштері мен құралдары шақыру сипатына қарамастан автоматты түрде шақырудың жоғары шеніне жіберілгені айтылды. Оқиға орнына барлау жұмыстарына 23 қызметкер мен 5 техника келді.

Реклама
Реклама

Жұмысшылар мен бизнес орталығына келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама