12 қыркүйек 2022 15:20

"Өгіздің өлексесі жатты". Жамбыл облысында жол апаты видеоға түсіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

"Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыльдың көлігі Жамбыл облысындағы тасжолда бірнеше рет аударылып қалды. Жолда жануардың өлексесі жатқан. Көлікте әйел отбасымен отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыльдың көлігі Жамбыл облысындағы тасжолда бірнеше рет аударылып қалды. Жолда жануардың өлексесі жатқан. Көлікте әйел отбасымен отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қор жұмысымен Шымкентте болдық. Сонда Нұр-Сұлтандағы баспанаға көрпе-жастық сатып алдық. Қайтып келе жатқанымызда, Приозерскіге 100 шақырымдай жетпей, көлігіміз жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылып қалды. Рөлде күйеуім болған", - деді қор басшысы.

Реклама
Реклама

Анна Рыль апат 10 қыркүйекке қараған түні болғанын айтты. Жол нашар жарықтандырылған, соқтығысудан қашу мүмкін болмаған.

"Қараңғы жолда өгіздің өлексесі жатты, біз соған соғылдық, мен артқы жағында отырғанмын, ал ұлым ұйықтап жатты. Тасжолдан ұшып кетіп, аударылып қалдық. Алан көліктің төбесіне соғылды. Оны сол қолыммен құшақтап ұстап, оң қолымды төбеге тіредім, еңіспен айналып құлай бердік. Өрт шыға ма деп қорықтым, Саша шығып, бізге жүгірді, есікті әрең ашып, шығарып алды. Содан кейін адамдар тоқтады, жедел жәрдем келді, полиция келді", - деді әйел.

Оның айтуынша, бұқаны КамАЗ қағып, жолда қалдырып кеткен.

"Жол апатынан бірнеше сағат өткен соң өлексе жоғалып кетті, иесі де жоқ. Сақтандыру компаниясы жануар иесіз болғандықтан, өтемақы төлеуден бас тартты, жол жөндеуден өтіп жатыр, әкімдіктің қатысы жоқ. Біз ғана бұзылған көлікпен қалдық. Ол жұмыс көлігі. Онымен адамдардың көрпе-төсегі, азық-түлігі тасымалданатын. Сірә, оны жөндеу мүмкін емес", - деп түсіндірді құқық қорғаушы.

Көлікті қалпына келтіруге көмектесемін деушілер Анна Рыльға +7 702 892 97 77 телефоны арқылы хабарласа алады.

"Әрине, бізге ыңғайсыз, бірақ қазір көмектен бас тартпаймыз. Көлік қордың мұқтажы үшін алынған, қорға көлік болмаса қиын болады", - деп қосты ол.

Редакция пікір алу үшін Жамбыл облысының Полиция департаментіне жүгінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram