ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қыркүйек 2021 | 16:06
Оқ тиген. Жамбыл облысында шенеунік өлі табылды
Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде оқтан жараланған ер адамның мәйіті табылды. Полиция департаменті мәліметінше, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде оқтан жараланған ер адамның мәйіті табылды. Полиция департаменті мәліметінше, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2021 жылы 2 қыркүйекте Талас аудандық ішкі істер бөлімшесінің кезекші бөліміне белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Мәйітте оқ жарақаты болған.
"Марқұм өз атына тіркелген аңшы мылтығынан өзіне оқ атқаны анықталған. Қабылданған шаралар барысында қайтыс болған адамның жеке басы анықталды және туыстары оны таныған, ол елдімекеннің тұрғыны болып шықты. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебі мен істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу органдары ҚР ҚК-нің 105-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады, яғни өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты, істің басқа да мәліметтері жария етуге жатпайды.
Іnbusiness.kz порталы Талас ауданы әкімдігіне сілтеме жасап, қаза тапқан ер адам Талас ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы екенін жазды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также