ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2017 | 15:10
ОҚО-да балабақша тәрбиешісі бес жасар баланы ұрып-соқты деп айыпталды
Оңтүстік Қазақстан облысында бес жасар баланың анасы балабақша тәрбиешісі ұлын ұрып-соқты деп айыптап. полицияға арыз жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Мақтаарал ауданы Асықата ауылында болған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік Қазақстан облысында бес жасар баланың анасы балабақша тәрбиешісі ұлын ұрып-соқты деп айыптап. полицияға арыз жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Мақтаарал ауданы Асықата ауылында болған.
"Ұлым балабақшада апай ұрсады деп жиі шағымданатын. Содан балам жылап, балабақшаға барудан бас тартты. Оны барынша көндірмекші болдым. Кеше кешкі сағат 6-дан кейін әйелім баламызды балабақшадан алып кетуге кетті. Қараса беті қып-қызыл. Баланы шешіндіріп қараса, денесінің барлығы қып-қызыл, көгеріп қалған. Сол кезде оны ұрып-соққан тәрбиеші сұранып кетіп қалыпты. Біз бірден полицияны шақырдық, баланы ауруханаға апардық. Кейін балабақшадағылар маған хабарласып, ешқайда хабар бермеуімді сұрады", - дейді баланың әкесі Ербол Асқаров.
Сондай-ақ, Ербол Асқаров Оңтүстік Қазақстан облысынң білім басқармасына арыз жазған. Ол балабақшаны тексеруді талап етіп отыр. Ер адамның айтуынша, онда балаларға жағдай жасалмаған. Осыған дейін ұлы мемлекеттік балабақшаға барып жүрген екен, ал қазір ол уақытша осы балабақшаға ауыстырылған.
"Әйел қазір біздің үйіміздің маңында өзінің және біздің туыстарымызбен бірге тұр, кешірім сұрайын деп жатыр. Маған ол керек емес. Мен жалғыз ұлым болғандықтан оны жазаға тартқым келеді. Ол кішкентай ғой. Түні бойы ұйықтаған жоқ, басы да ауырды, қорқып қалған. Тәрбиешінің айтуынша, ұлым балағат сөздер айтқан. Оны ұрғанын тіпті мойындамай отыр. "Баланы тек тыныштандырмақшы болдым" дейді. Суреттерден-ақ көріп тұрсыздар ғой, баланы қалай ұрып-соққан. Өз кінәсін мойындағанда, мен еш жаққа да бармайтын еді. Бірақ ол өз әрекетін мойындамай отыр ғой. Баланы тек тыныштандырмақшы болғанын айтып отыр", -дейді Ербол Асқаров.
Полициядағылар соққы көрген баланың анасы жазған арыздың қабылданғанын хабарлады.
"Ол кеше Мақтаарал аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бірінші бөліміне арыз қалдырып кетті. Бірақ бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне әзірше тіркелген жоқ. Полицейлер осы іспен айналысып, материал жинаап жатыр. Бүгін сотқа дейінгі тергеудің қай бап бойынша басталатыны шешілетін болады", - деді ОҚО ІІД өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также