ОҚО-да бес жасар бала каналға батып кетті

ОҚО-да бес жасар бала каналға батып кетті © time56.ru

О?т?стік ?аза?стан облысында бес жасар ?л бала су?а батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Бала ата-анасыны? ?арауынсыз ?ал?ан.

Оңтүстік Қазақстан облысында бес жасар ұл бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

Қайғылы оқиға 21 сәуірде сағат 17.50-де Мақтаарал ауданындағы Атакент ауылында орналасқан К-39 каналында болды. "Ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала (ұл) абайсызда суға құлап, батып кетті. Баланың денесін куәгерлер судан алып шықты", - деп хабарлады комитеттегілер.

"Ата-аналарға өтініш: еліміздің оңтүстігінде күн жылынды, суға түсу маусымы ресми түрде басталған жоқ, бірақ мұндай жайттар қазірдің өзінде болып жатыр. Балаларының өмірі ата-аналары үшін қымбат деп сенгіміз келеді. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз", - деді қазақстандықтарға комитеттің мамандары.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама