11 қазан 2016 | 10:55

ОҚО-да бесінші сынып оқушысы мұғалімнің ұрып-соққанынан кейін жансақтау бөліміне түсті

Мектеп оқушысы Абидин Иристаевтың көру мүмкіндігі төмендеп барады. © tvk-uko.kz

Манкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан Облысы) бесінші сынып оқушысы Абидин Иристаев жансақтау бөліміне түсті, ол өзбек тілі пәнінде отырып, бассүйек миы зақымдалған. Төтенше жағдай № 64 мектепте сәуір айында болған, алайда тек қазір ғана белгілі болған, - деп хабарлайды TVK.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Манкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан Облысы) бесінші сынып оқушысы Абидин Иристаев жансақтау бөліміне түсті, ол өзбек тілі пәнінде отырып, бассүйек миы зақымдалған. Төтенше жағдай № 64 мектепте сәуір айында болған, алайда тек қазір ғана белгілі болған, - деп хабарлайды TVK.

Баланың әкесі ұлын мұғалімнің ұрғанын айтады - баланың басын партаға соққан. "21 сәуірде, жұмыстан келгенде ұлым Абидиннің бірнеше рет есінен танғанын естідім. Біз аудандық орталық ауруханаға бардық. Баланы бассүйек миы зақымданған деген диагнозбен жансақтау бөліміне  жатқызды, ол онда 3 күн жатты. Бір қызығы, осыдан кейін оны жұқпалы аурулар ауруханасына гайморит деп жатқызды. Ауруханадан шыққан соң біз облыстық балалар ауруханасына барып, қараттық. Бізге бірінші диагнозды растап берді. Оқиға туралы мен ертесіне, ұлым жансақтау бөлімінде жатып есін жиғанда ғана білдім", - Шерәлі Зундинов.

Реклама
Реклама


Оқушының әкесі Шерәлі Зундинов. © tvk-uko.kz 

Ер адамның айтуынша, оқиғаның өткеннен кейін жарты жылдан соң баланың көру қабілетін нашарлап барады. Бұл процессті тоқтату үшін қымбат ота жасау керек екен.

Ашынған әке бірден мұғалімнің үстіне арыз жазып полиция мен білім бөліміне берген, алайда мектеп әкімшілігі де, құзырлы органдар ешқандай шара қолданбаған.


Әкесі мен ұлы "Нұр Отанға" келген. © tvk-uko.kz 

Баланың айтқан сөзі: "Өзбек тілі сабағында сол күні диктант болған. Мен үлгермей жаттым. Сол кезде мұғалім мені партаға екі рет соқты. Менің жағдайым нашарлады. Мені сыныптасыммен бірге үйіме баруды тапсырды. Жолда мен бірнеше рет есімнен тандым".

Телеарнаның мәліметі бойынша, баланың құқығы үшін прокурор Еркен Ағабеков күресіп жүр. "Нұр Отанда" зардап шеккен баланың әкесіне тағы да бір рет арыз жазуын өтініп, шара қолданатынын айтқан.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная