ОҚО-да даулы видеодан кейін Созақ аудандық ІІБ басшылығы жұмыстан кетті

© Tengrinews.kz

О?т?стік ?аза?стан облысы Соза? ауданды? ІІБ басшысы даулы видеодан кейін ж?мысынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық ІІБ басшысы даулы видеодан кейін жұмысынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ОҚО ІІД тәртіптік комиссиясының шешімімен Олжас Амандықов ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Созақ аудандық ІІБ басшысы мен оның екі орынбасары жұмыстарынан босатылды", - деп хабарлады ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл мен ақпарат басқармасындағылар.

Реклама
Реклама

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша: 149-бап ("Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу"), 362-бап ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") және 293-бап ("Бұзақылық") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.  Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде осы оқиғаның видеосы пайда болған еді. Видео авторларының айтуынша, жоғары қызметтегі шенеунік мас күйде бөтен біреудің үйіне басып кіріп, үй иесін ұрып-соқпақшы болған. Тіпті ер адамның әпкесіне пышақ салған. Бұл оқиғаның ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылында болғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама