05 наурыз 2017 | 21:48

ОҚО-да жантүршігерлік оқиға: Мектеп маңынан балалар жаңа туған сәби тауып алды

ОҚО-да қытайлық сөмкеден шақалақ табылды, - деп хабарлайды TVK-UKO.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да қытайлық сөмкеден шақалақ табылды, - деп хабарлайды TVK-UKO.kz.

Тастанды бала Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылында 4 наурызда сағат 16.00-де табылған. Құрмантаев атындағы мектептің маңында күмәнді сөмкенің жатқаны жайлы балалар кітапханашы Гүлмира Серікбаеваға хабарлаған. Қытайлық сөмкенің ішінде матаға оралған жаңа туған сәби болған. 

Реклама
Реклама

Нәресте Сайрам аудандық орталық аурухананың перзентханасына жеткізілген. Оның салмағы - үш келі 88 грамм, бойы 52 сантиметр. Баланың жағдайы жайлы мәлімет жоқ, себебі кезекші дәрігер Нұрсұлу Кенжебекова пікір білдіруден бас тартып, журналистерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне жіберген.

"Төртке 15 минут қалғанда табылды. Көршілер "мұнда келіңіздер, бала табылды" деді. Барып көрдік, бала осы қытайлық сөмкеде жатқан. Олар күшік тауып алдық деп ойлапты, сөйтсек бала болып шыққан. Жетілген бала, бірақ кірлеп кеткен. Аяқтары көгеріп кетіпті, уқаладым, аяп кеттім. Олар милицияға хабарласып жатты, мен ауруханаға хабарласайық дедім. Олар келіп, баланы алып кетті", - деп айтып берді Гүлмира Серікбаева.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram