ПОДЕЛИТЬСЯ
17 тамыз 2017 | 09:24
ОҚО-да үйлену тойында атыс болды: Екі адам жарақат алды
Оңтүстік Қазақстан облысында жастар қонақтардың назарын өздеріне аударту үшін той үстінде атыс шығарып, нәтижесінде екі әйелді жарақаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік Қазақстан облысында жастар қонақтардың назарын өздеріне аударту үшін той үстінде атыс шығарып, нәтижесінде екі әйелді жарақаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
"ОҚО-да той үстінде болған атысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 2017 жылдың 15 тамызында шамамен сағат 1-лерде Сайрам аудандық ІІБ кезекші бөліміне Ақсукент мейрамханасының алдында атыс болып жатқаны жайлы хабарлама келеді. Оқиға орнына келген полицейлер жастардың қонақтардың назарын өздеріне аударту үшін бірнеше рет оқ атқанын анықтады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Атыстың салдарынан 1952 жылғы әйел мен 1996 жылғы қыз зардап шекті. Зардап шеккендер алған жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейіннен үйлеріне қайтарылды.
Полицейлер осы істі тергеу барысында үш күдіктіні ұстады. Олар ОҚО-ның 1992, 1993 және 1996 жылғы тұрғындары. Екеуінің осыған дейін сотты болғаны анықталды.
"Күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында полицейлер аң аулайтын мылтық пен екі травматикалық қару және түрлі оқ-дәрілерді тәркіледі. Екінші күдіктінің Mercedes көлігінен аң аулайтын қару тәркіленді", - деді ведомстводағылар.
Бұл дерек Сайрам ауданының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестірне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша 293-бап ("Бұзақылық") және 287-бабы (" Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойыншы қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Показать комментарии
Читайте также