10 ақпан 2014 18:25

Оқудан шығарылған студент шатырдан секіріп, мерт болды

©РИА Новости

Калининградта Қазақстан студенті биік ғимараттың шатырынан секіріп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей Тергеу комитетінің облыстық басқармасына сілтеме жасап. 7-ақпанда Ленинский даңғылының бойындағы Кеңестер үйінің алдында 18 жасар жас жігіттің денесі табылды. Оның Калининград ЖОО-ларының бірінде бірінші курста оқыған қазақстандық азамат екендігі анықталды. Ол университеттен оқудан шығып қалғаннан кейін қатты күйзеліп, өз-өзіне қол жұмсаған деп болжанып отыр. Тергеудің мәліметінше, ол дәл сол күні жүретін қызымен телефон арқылы сөйлесіп, шатырдан секіретінін айтқан. Осы оқиғаға байланысты полиция қосымша тергеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Оқиға болған жерді жіті тексерген уақытта қаза болған адамды күштеп өлтіру белгілері байқалған жоқ. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Түмен облысында да 32 жастағы қазақстандықтың өлі денесі табылған болатын. Оқиға орнына келген полиция онда да ешқандай күштеудің ізін таппаған, бірақ өлі дененің қасында травматикалық қару болған. Сол кезде де қазақстандық өзінің басынан оқ атып, суицид жасады деп болжанған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram