16 қыркүйек 2020 09:08

Оқушы қыз телефоннан музыка тыңдап жатқан кезде қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ViralPress ©ViralPress

Таиландтың солтүстік-шығысындағы Ройет қаласында оқушы қыз қуаттау құрылғысына қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатқан кезінде қайтыс болған, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Таиландтың солтүстік-шығысындағы Ройет қаласында оқушы қыз қуаттау құрылғысына қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатқан кезінде қайтыс болған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Дереккөз мәліметінше, 16 жастағы Таниалук Фай Пхадасридің денесі 10 қыркүйекте, бейсенбіде табылған. Ол күйіп қалған телефонды қолына қысып жатқан күйі табылды. Мойны мен қолы күйік алғаны айтылады.

Марқұмның әкесі қызына жүрек-өкпе реанимациясын жасауға тырысып, дәрігерлерді шақырған. Алайда Пхадасриге көмектесу мүмкін болмады, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлімін тіркеді.

Полицейлердің айтуынша, қыз өз бөлмесінде отырған. Құлаққап арқылы телефоннан музыка тыңдап отырған сәтте оны ток ұрған делінеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети