ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2023 | 09:53
"Олардың ойында - тендер". Қарағандыда ойын алаңында жарақат алған баланың туыстары үн қатты
Қарағандыда ойын алаңында зардап шеккен баланың отбасы оқиғаға кінәлілердің барлығы жазаланғанын қалайды. Сегіз жасар мектеп оқушысына күрделі ота жасалды. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда ойын алаңында зардап шеккен баланың отбасы оқиғаға кінәлілердің барлығы жазаланғанын қалайды. Сегіз жасар мектеп оқушысына күрделі ота жасалды. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, бала үнемі көз алдарында болған. Бір күн бұрын ол спорт секциясынан қайтып келе жатқан, сосын бірер минут ойын алаңына барған. Сол кезде дауыл жел жасанды көгалды жұлып әкетіп, сегіз жасар баланы досымен бірге дуалға соқты.
Үш хирург маман баланың маңдай сүйегіне, жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне ота жасап, білек сынығын бекітті. Екінші жарақат алған баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол емделіп жатыр.
Полиция "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету" бабы бойынша тергеуді бастады. Оқиғадан кейін қала билігі нысанның пайдалануға берілмегенін мәлімдеді. Баланың отбасы жауаптылар жазаланғанын қалайды.
"Оның басы жарылған, жағдайы өте нашар. Неге бәрі осы көгалды бір апта бұрын төседік деп өтірік айтады? Ол екі-үш аптадан бері жатыр. Неліктен әкімдік мердігердің жұмысын қадағаламады? Неге қоршалған жоқ? Біз балаларымызды бақылап отырамыз. Ал біреудің ойында тек - тендер, тапсырыс. Біздің баламызға қауіп төніп тұр! Біз барлық кінәлі жазаланғанын қалаймыз", - дейді зардап шеккен баланың әпкесі Мақпал Шамшиева.
Еске сала кетейік, 19 маусымда Қарағандыда қатты жел балалар ойын алаңын жұлып әкеткен болатын. Алаңның жасанды төсеніштері көтеріліп, кейін қатты күшпен жерге соғылды. Екі бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылды.
Кейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов алаңның әлі толық жабдықталмағанын, пайдалануға берілмегенін айтты. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также