19 қазан 2020 | 13:01

"Олармен бірге тұру қорқынышты". Оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрайды

Атырау облысында оқушы қыз оны ызақор ата-анадан қорғауын сұрап, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында оқушы қыз оны ызақор ата-анадан қорғауын сұрап, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың Instagram желісіндегі парақшасында әкесі оны жуылмаған ыдыс-аяқ үшін ұрып жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Реклама
Реклама

"Өтінемін, көмектесіңіздерші. Олармен бір шаңырақ астында өмір сүру маған қорқынышты. Мен бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырадым. Видеоны жариялап, дұрыс істеп жатырмын ба, жоқ па - білмеймін, бірақ ертең және қазір не болатынын білмеймін", - деп жазды қыз.

Полиция өкілдері істі бақылауға алғанын айтты.

"Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ер адамның (әкесінің) кәмелетке толмаған қызына әдепсіз сөздер айтып жатқаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Осы дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная