26 наурыз 2019 | 08:37

Омбыда қаза тапқан қазақстандық қыздың денесі Петропавлға жеткізіледі

Камила Долаева Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Омбыда жол апатынан қаза тапқан қазақстандық студенттің мәйіті Петропавлға жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Омбыда жол апатынан қаза тапқан қазақстандық студенттің мәйіті Петропавлға жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Портал мәліметінше, 19 жастағы Инна Федорованың жақындары қазір Омбы қаласында қыздың денесін отанына әкелуді ұйымдастырумен айналысып жүр. Туыстары жол-көлік оқиғасына куәгерлерді табуға тырысса да, әлі жұмыстары нәтижесіз. Ал жолдан Иннамен бірге өтіп, көлік астында қалған құрбысы есеңгіреп, әзірге ештеңе айта алмай отыр. 

Реклама
Реклама

Еске салсақ, оқиға 23 наурызда кешкі уақытта болды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда Инна Федерованы Toyota маркалы автокөлігі қағып кеткен. Миы зақымдалған қыз бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алған жарақатының тым ауыр болуына байланысты қыз бала ес жимастан қайтыс болды

"Қайғылы оқиға қаза болған қыздың туыстарына хабарланды. Ресей ІІББ Омбы облысы тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалуға іс материалдары жинастырылып жатыр. Қазақстанның консулдығы осы істі бақылауға алды және құқық қорғау органдарымен байланыста", - деді Смадияров.

Инна Омбы мемлекеттік техникалық университетінің екінші курс студенті болған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная