Оңтүстік Қазақстанда екі полицей жол апатынан қаза тапты

© Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Қазақстанда екі полицей жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайрам ауданы Құтарыс ауылының маңында, Шымкент - Шаян автожолында 12 қазан күні сағат 08.00 шамасында "Тойота-Камри" автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, "Тойота-Карина" көлігіне соғылды.

"Жол апатының салдарынан "Тойота-Карина" автокөлігінің жүргізушісі мен көліктегі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандар - ОҚО ІІД офицерлері, олар қызметтік іссапарға кетіп бара жатқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Ережені бұзған жүргізуші мен көлікте болған жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апатына кінәлі азаматқа қатысты ҚР ҚК 345-бабы - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама