Оңтүстік Қазақстанда қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды

Оңтүстік Қазақстанда қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды © Rings.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында көшедегі &nbspқоқыс жәшіктерінің бірінен нәрестенің денесі табылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz облыстық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзоваға сілтеме жасап.&nbsp

Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарына бұл туралы Әл-Фараби ауданының&nbspтұрғыны хабарлаған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу жетті. "Сараптама&nbspқорытындысы бойынша&nbspнәрестенің өлі туылғаны анықталды. Ол 3-4 айлық, яғни өлі туылған. Қазір осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мәліметтер&nbspжинақталады", - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Еске сала кетейік, бұған дейін де&nbspШымкенттегі қоқыс жәшігінен&nbspнәрестенің денесі табылған болатын.&nbspНәрестенің мәйітін медициналық орталықтардың бірінің күзетшісі тауып алды.&nbspЕмхананың маңындағы қоқысты жиыстыруға келген күзетші құрылыс материалдарының арасында жатқан қалтаны көреді. "Ішін ашқан кезде нәрестенің жатқанын көрдім. Полицейлерге дереу қоңырау шалдым", - деді ер адам.

Жарнама
Жарнама
&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама