11 ақпан 2018 | 09:48

Оңтүстік Қазақстанда екі қызды құтқарған жігіттің өзін пойыз қағып кетті

© otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында екі бойжеткенді пойыздан құтқармақ болған жігіттің өзі қаза тапты, деп хабарлады otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында екі бойжеткенді пойыздан құтқармақ болған жігіттің өзі қаза тапты, деп хабарлады otyrar.kz.

Порталдың хабарлауынша, марқұм азамат шойын жолда студенттердің бірін аман алып қалған. Ал, тағы бір бойжеткенді құтқармақ болған кезде оны пойыз қағып кеткен.

Реклама
Реклама

"Өзінің өмірін қиып, өзгенің өмірін құтқарып қалған жігіт Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны Немат Махмудов. Оқыс оқиға алтыншы ақпан күні Сайрам ауданы, Ақсукент ауылынындағы темір жол аумағында болған. Дәл осы күні Немат темір жолдан өтіп келе жатып, құлаққап киген екі қызды байқап қалады. Екі бойжеткен құлаққаптан музыка тыңдап келе жатып, пойыздың дауысын естімеген көрінеді. Немат болса, ойланбастан оларды ажалдан арашалаймын деп өзі мерт болған", - делінген жарияланымда.

Нематтың әкесінің айтуынша, ол үнемі жанындағы адамдарға көмек қолын созып жүретін болған.

"Енді өзі де біреуді құтқарамын деп бақилық болды. Екі күн ауруханада ажалмен күресіп жатты. Ақыры жан тапсырды. Ерлікпен қаза тапты. Бірақ ұлым үшін жаным ауырады. Қайғылы жағдайға байланысты полицейлерден ешкім іздеп келмеді", - деді ол.

Немат Махмудов. © otyrar.kz

Оқыс оқиғадан аман қалған бойжеткендердің бірі, студент қыз болған жағдайды басқаша баяндады. Айтуынша, Немат өзгенің өмірін құтқарып емес, темір жолдан өтіп бара жатып қаза тапқан.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная