ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қаңтар 2020 | 09:09
Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыз өз-өзіне қол жұмсады
Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Арна мәліметінше, 29 жастағы жерлесіміз Ансан қаласында тұрып жатқан үйінің ваннасында асылып қалған. Оның бұл қалада не мақсатпен жүргені әзірге белгісіз. Мән-жайды жергілікті тергеушілер мен қазақстандық дипломаттар анықтап жатыр.
"Оңтүстік Кореяда Ансан қаласындағы пәтерінде біздің азаматшамыздың денесі табылды. Қазір сот-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазақстанның Кореядағы елшілігінің консулдық бөлімі барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашов.
Показать комментарии
Читайте также