ОҚО-да аудандық ІІБ басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Видеодан алынған скрин

О?т?стік ?аза?стан облысында Соза? ауданды? ІІБ басшысыны? орынбасары бірнеше ?ылмыс жасады деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары бірнеше қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары Олжас Амандықовтың екі қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінгенін растады.

"Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзіндік қауіпсіздік қызметіндегілер қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Реклама
Реклама

Осыған дейін әлеуметтік желілерде осы оқиғаның видеосы пайда болған еді. Видео авторларының айтуынша, жоғары қызметтегі шенеунік мас күйде бөтен біреудің үйіне басып кіріп, үй иесін ұрып-соқпақшы болған. Тіпті ер адамның әпкесіне пышақ салған. Бұл оқиғаның ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылында болғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама