ОҚО-да болған жол апатынан бес әртіс қаза тапты

© obk.kz

О?т?стік ?аза?стан облысында полицейлер адам ?мірін ?и?ан жол-к?лік о?и?асы бол?ан жерден жасырын?ан "КамАЗ" ж?к к?лігіні? ж?ргізушісін ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Жол апаты 13 ?арашада Шымкент - Арыс - Шардара тас жолында шамамен са?ат 17.00-де бол?ан.

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер адам өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынған "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол апаты 13 қарашада Шымкент - Арыс - Шардара тас жолында шамамен сағат 17.00-де болған.

Тексеріс барысында полицейлер жүк көлігін басқарып келе жатқан Арыс қаласының 57 жастағы тұрғынының қарсы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Passat автокөлігімен соғысқанын анықтады. Содан көлікпен соғысқан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жол апатының салдарынан алған ауыр дене жарақаттарынан жеңіл көліктегі бес адам қаза тапты: 1988, 1997, 1998 жылғы үш қыз бен 2001 және 2002 жылғы 9-шы сынып оқушылары. Олардың барлығы Отырар мен Ордабасы ауданының тұрғындары болған. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі - Ордабасы ауданының тұрғыны алған жарақаттарынан Арыс қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, жол апатынан қаза тапқандардың әртістер болғаны белгілі болды. Олар Шардара қаласына бір іс-шараға бара жатқан", - деді ОҚО ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру шаралары барысында Арыс қалалық ІІБ қызметкерлері оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сараптамалардың қорытындысы сәйкес, 57 жастағы ер адам орта деңгейде мас болған.

"Бұл дерек Арыс қалалық ІІБ бірыңғай тергеу реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") мен 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша тіркелді", - деп хабарлады құқық қорғау органдарының өкілдері.

Айта кетейік, екі көлік де айыппұл тұрағына қойылды. Сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама