ОҚО-да даулы видеодан кейін аудандық ІІБ басшысының орынбасары қызметінен босатылды

ОҚО-да даулы видеодан кейін аудандық ІІБ басшысының орынбасары қызметінен босатылды © Тұрар Қазанғапов

О?О-да даулы видеоны? кейіпкері атан?ан полиция ?ызметкері ж?мыстан босатылды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне О?О ІІД ресми ?кілі Салтанат ?арак?зова хабарлады.

ОҚО-да даулы видеоның кейіпкері атанған полиция қызметкері жұмыстан босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Полиция майоры Олжас Амандықов жарияланған видеодан кейін Созақ аудандық полиция бөлімшесі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Сонымен қатар, экс-полицейге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ОҚО ІІД өкілінің айтуынша, аудандық ІІБ басшысы мен оның тағы екі орынбасары қызметтерінен босатылды.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары бірнеше қылмыс жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары Олжас Амандықовтың екі қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінгенін растаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама