ОҚО-да екі мәслихат депутаты төбелесті

О?т?стік ?аза?стан облысында Т?лкібас ауданыны? екі м?слихат депутаттары ?кімдік ?имаратында т?белесті. Б?л м?ліметті Тengrinews.kz тілшісіне О?О ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіндегілер растап берді. Екі депутатта облысты? ішкі істер департаментінен арыз жаз?ан. 

Оңтүстік Қазақстан облысында Түлкібас ауданының екі мәслихат депутаттары әкімдік ғимаратында төбелесті. Бұл мәліметті Тengrinews.kz тілшісіне ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер растап берді. Екі депутатта облыстық ішкі істер департаментінен арыз жазған. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы іспен ОҚО ІІД айналысып жатыр екен. Ішкі істер департаментіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.  

"17, 18 наурызда Түлкібас АІІБ жергілікті екі тұрғын (1955 жылғы) келіп бір-біріне арыз жазды. Олардың арызын полиция бөліміндегілер біріңғай реестрге тіркеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Салтанат Қаракөзова. Осы іс бойынша сот медициналық сараптама тағайындалған. 

Реклама
Реклама

Депутаттардың не үшін төбелескені белгісіз. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама