ОҚО-да инспектор заңсыз балық аулаушыларға оқ атқан

© ahnews.org

О?т?стік ?аза?стан облысында за?сыз балы? аулаушыларды ат?аны ?шін жануарлар ?лемін ?ор?ау инспекторы шартты жаза?а кесілді, деп хабарлады otyrar.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз балық аулаушыларды атқаны үшін жануарлар әлемін қорғау инспекторы шартты жазаға кесілді, деп хабарлады otyrar.kz.

Порталдың хабарлауынша, жануарлар әлемін қорғау инспекторы заңсыз балық аулаушыларды ұстау кезінде оларға от атқан.

"Испектор Сырдария өзенінде инспекциялық топтың құрамында бола тұра, заңсыз балық аулап жүрген азаматтарды ұстау барысында, қызметтік қарумен ауаға екі рет ескерту ретінде атып, үшінші рет жәбірленушілердің қайығына қарай атқан, нәтижесінде жәбірленушілерге қызметтік қаруды қолдану арқылы дене жарақаттарын салған", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Ол соттың үкімімен ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жыл мерзімге табиғатты қорғау органдарында жұмыс жасау құқығынан айырылды. Қазақстан Республикасының ҚК 63-бабымен тағайындалған жаза шартты деп танылды.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама