ОҚО-да өзенге құлап кеткен жасөспірімнің денесі 6 тәулік өткен соң табылды

© ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі

О?т?стік ?аза?стан облысында су?а батып кеткен жас?спірімні? денесі 6 т?уліктен со? табылып отыр. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне О?О ТЖД Жедел-??т?ару жаса?ы мемлекеттік мекемесіні? ??т?ару б?лімшесіні? басшысы Павел Вишенин айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі 6 тәуліктен соң табылып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы мемлекеттік мекемесінің құтқару бөлімшесінің басшысы Павел Вишенин айтты.

Іздестіру жұмыстары 6 тәулік бойы үздіксіз жүргізілген. Сүңгуірлер мен құтқарушылар Сайрам-су өзенінің арнасын тексеріп, өзеннен үш шақырым жерден 13 жастағы жасөспірімнің денесін тапқан. "Бұл оқиға 6 маусымда кешкі уақытта болған еді. Сайрам ауылында жасөспірім абайсызда өзенге құлап кетті. Алдын ала нұсқа бойынша, ол өзенге ойнап жатып құлап кеткен. Қайғылы жағдайдың нақты себебін тергеушілер анықтап жатыр", - деді Павел Вишенин.

Жасөспірімнің денесін іздестіру кезінде өзеннің қатты ағысы қиындық туғызған. Сондай-ақ, көпір маңындағы қираған бетон плиталары сүңгуірлерге қауіп төндірген. Жасөспірімді іздестіруге 100-ден аса адам қатысқан.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама