ОҚО-да полицейлердің жолаушымен қақтығысы түсірілген видеоға қатысты тексеріс жүріп жатыр

Видеоның кадры

О?О-да полицейлерді? жолаушымен ?а?ты?ысы т?сірілген видео?а ?атысты тексеріс ж?ріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

ОҚО-да полицейлердің жолаушымен қақтығысы түсірілген видеоға қатысты тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2016 жылдың 12 желтоқсанында ақпарат агенттіктері мен жаңалық сайттарында "ОҚО-жүргізуші полицейлердің былығын видеоға түсіріп алды" атты жаңалық пайла болды. Видеода "Алматы-Самара" тасжолындағы полиция қызметкерлері мен "ВАЗ" жүргізушісінің және жолаушысының қақтығысы көрсетілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы осы видеоматериал бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, оның қорытындысында жауапты тұлғаларды жазалау бойынша шешім шығарылады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда жол полицейлерімен дауласқандар жайлы оқиға 11 желтоқсанда күндізгі уақытта болған. Видеоны қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов YouTube хостингіндегі арнасына жүктеген. Кейін "Жигули" жүргізушісі Tengrinews.kz тілшісіне осы оқиғаға қатысты өз пікірін айтып берген болатын.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама