ОҚО-да психоневрологиялық диспансерде өрт шықты: 150 шаршы метр бір сағат бойы сөндірілді

О?т?стік ?аза?стан облысында психоневрологиялы? диспансерді? шатыры ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында психоневрологиялық диспансердің шатыры өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт сағат 11.35-те басталды. Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда бір арнайы машина келді, сосын тағы 12 өрт көлігі келген.

Ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрттің аумағы 150 шаршы метрді қамтыды. Өрт кезінде 20 адам эвакуацияланған. Олардың барлығы диспансердің қызметкерлері болып шықты.

Реклама
Реклама

Өртті бір сағат бойы өшірген. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер ешкімнің зардап шекпегенін айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама