ОҚО-да қарумен бассыздық жасаған той кортежінің қатысушылары іздестіріліп жатыр

Кадрдан үзінді

О?О полицейлері той кортежімен ж?ріп, к?шелерді бассызды? жаса?андарды іздестіріп жатыр. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне О?О ІІД баспас?з ?ызметіні? ?кілдері хабарлады.

ОҚО полицейлері той кортежімен жүріп, көшелерді бассыздық жасағандарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Ведомстводағылардың айтуынша, ОҚО-ның жергілікті полиция қызметінің өкілдері видеоны зерттеп, Леңгір қаласында той кортежінде бассыздыққа барған жүргізушілердің кім екенін анықтап жатыр. Полицейлер барлығын тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын уәде етті. Видеоның авторы ОҚО-ның тұрғыны екен, ол Шымкент қаласынан Леңгір қаласына жетпек болған, алайда той кортежінің қатысушыларының кесірінен жарты сағат бойы леңгірлік тас жолда кептелісте тұрған.

"Осылайша Леңгірде той тойланады. Барлығы қарсы бағыттағы жолмен жүріп жатыр. Көліктер соғысып қалмас үшін, жол шетіне шығып жатыр, ал оларды озып өту үшін көліктер қарсы жолға шығуға мәжбүр", - деп пікір білдірді жолдағы көріністі видеоға түсірген автор.

Реклама
Реклама

Бұл оқиға видеотіркеу құрылғысына түсірілген. Осы жағдайдағы ең сұмдығы - ер адамның көліктің үстінде қарумен отырғаны, дейді роликтің авторы. Карета жүргізушісінің әрекеті де назарсыз қалмады. Автордың айтуынша, ол ешкімге озып өтуге мүмкіндік бермегй қойған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама