ОҚО-да қытайлық ала сөмкеден табылған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр

© tvk-uko.kz

О?О-да полицейлер Сайрам ауданында табыл?ан н?рестені? анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі

ОҚО-да полицейлер Сайрам ауданында табылған нәрестенің анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі

2017 жылы 4 наурызда 16:45-те Сайрам АІІБ қызметіне аудандық аурухананың жансақтау бөліміне көшеден табылған жаңа туылған нәрестенің түскенін хабарлаған. 

Оқиға орнына жеткен полицейлер Ақбұлақ ауылының жергілікті тұрғыны жол жүгінен жылап жатқан баланың дауысын естіп, жедел жәрдем шақырғанын анықтаған. Дәрігерлер баланы аудандық ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта баланың жағдайы дұрысталған. 

Реклама
Реклама

Осы іс бойынша Сайрам АІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша біріңғай реестрге тіркеген. 

Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің анасын табу үшін барлық шараны жасап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама