ОҚО-да төбелес шығарған түлектердің ата-аналары мен мұғалімдер полицияға жеткізілді

О?т?стік ?аза?стан облысында бол?ан т?белестен кейін т?лектер, оларды? ата-аналары мен м??алімдер полиция?а жеткізілді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында болған төбелестен кейін түлектер, олардың ата-аналары мен мұғалімдер полицияға жеткізілді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар оқиға болған соң бірден аудандық ІІБ-не жеткізілген. 

"19 түлек, 19 ата-ана мен 9 мұғалім полицияға жеткізіліп, олардан жауап алынды. Бір-біріне шағымы жоқ екенін айтты. Сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық")  бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық түлектердің полицейлердің көзінше ұйымдастырған төбелесінің видеосы пайда болған еді. Видеоға қарағанда, оқиға Шымкенттегі Бәйдібек би ескерткішінің маңындағы саябақта болған. Кадрлардан бір топ жігіттің қақтығысқаны көрінеді, оларды кейбіреуі ажыратып жүр, оның ішінде полицейлер де бар. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама